» » КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ТАҒЗЫМ

КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ТАҒЗЫМ

Ауданда жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы биыл да рухани мәні терең шаралармен өрнектелді. Дәстүрге айналған өнегелі жоба аясында елге еңбегі сіңген қариялар кезекті рет рухани сапарға шықты. Бұл жолы 30-ға жуық ардагер қасиетті Қорқыт ата мемориалдық кешені мен Марал баба кесенесіне арнайы барып, бабалар рухына тағзым етіп, ұлттық тарих пен руханияттың қадір-қасиетін ұрпаққа үлгі етіп, тағылымы мол сапардан өнеге алды.
Алғашқы аялдама – Сыр бойының символына айналған Қорқыт ата мемориалдық кешені. Мұнда ардагерлер ел мен жер амандығы үшін құрбандық шалып, Құран бағыштады. Сапар барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз сөйлеп, тарихи мұраларды дәріптеудің ұлт тәрбиесіндегі орнына тоқталды. Ардагерлер мемориалдық кешендегі музейді аралап, Қорқыттың өмірі мен мұрасын айғақтайтын тарихи жәдігерлермен танысты. Бұл таныстық олардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін тереңдете түсті.
Рухани сапар одан әрі Марал баба кесенесінде жалғасты. Бұл жерде де қариялар дұға жасап, ел тыныштығы үшін тілек тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен білім саласының ардагері Дәмелі Жалғасбаева сөз сөйлеп, мұндай сапарлардың ұрпаққа берер өнегесінің мол екенін жеткізді. Осы орайда айта кеткен жөн, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аудан әкімінің қолдауымен жүзеге асып келеді және жергілікті бюджеттен тұрақты қаржыландырылады. Соның арқасында қариялар бұған дейін Түркістан мен Байқоңыр қалаларына барып, еліміздің киелі әрі тарихи орындарын аралап қайтқан болатын.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы – тек саяхат емес, ұрпаққа ұлағат, елге өнеге боларлық рухани мектеп. Бұл жоба арқылы ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы жастарға жетіп, тарихқа деген құрмет жаңғырып келеді. Ауданда осындай игі бастамалардың жалғасуы – қоғамның рухани дамуының, үлкенге құрмет, кішіге өнеге көрсетудің айқын белгісі.
16 қараша 2025 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 690

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031