» » Сала ардагерлері Қармақшы ауданындағы тарихи орындарды аралады

Сала ардагерлері Қармақшы ауданындағы тарихи орындарды аралады





  Облыстық орман, аң және балық шаруашылығы саласының бастауыш ұйымының ардагерлері Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешеніне және «Марал ишан» кесенесіне барып, бабалар аруағына құран бағыштады. 
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, алдымен ардагерлер «Марал ишан» кесенесіне барды. Кесенесі мемлекет қорғауындағы көне ескерткіш болып табылады. Аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан кесене халық жиі келетін киелі орын. Ардагерлер Марал ишан бабаның өткен өмірі мен кесене тарихы туралы азды көпті мәліметке қанық болып, бабаның әруағына арнап құран оқыды. 
Мұнан әрі ардагерлер Қорқыт ата кешенін аралады. Ерекше сәулетімен көпке таныс болған баба кесенесі рухани дүниенің есігі іспетті. Қобыздың үні сарнаған кесене келушілерді тәнті етпей қоймайтыны анық. Ардагерлер киелі кесененің керемет көрінісімен танысып, Қорқыт атаның тарихынан сыр шертетін мұражайды арнайы аралады. Сондай-ақ ардагерлер экскурсия соңында баба рухына арнайы құран бағыштады.
Сапардың қортындысымен сала ардагерлері Қармақшы орман шаруашылығы мекемесінде болып, орманшылардың қызметімен және жұмыс барысымен танысты. Мекеменің материалдық техникалық базасын көріп, орманшылардың жылдық жұмыстары мен қызметіне сәттіліктер тіледі.







03 маусым 2023 ж. 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 380
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 168

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930