» » » Ислам және Марал баба

Ислам және Марал баба

     ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын басшылыққа ала отырып Төребай би ауылдық клубы үш жүздің пірі болған, күллі қазақ еліне «100 жыраудың Отаны» атымен танылған киелі Қармақшы өңірінде Марал ишан Құрманұлының 240 жылдығына арнап «Ислам және Марал баба» атты діни-танымдық кеш ұйымдастырды. Мақсаты – қоғамдағы ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа баулу, жат діни ағымдардың құрығына түсуге жол бермеу. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі тәрбиелік тұрғысын түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен сабақтастырып тілін, дінін сүюге, ата-ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға бағыттау.
     Кешке бабаның ұрпақтары Смағұл Қауысов, Камаладин Әбдірахманов, Марал баба қорымының шырақшысы Бекболат Ералиев және теолог маман Жалғасбек Сқақов қатысты. Діни танымдық кешке ауыл әкімі Сәрсенкүл Әлімжанқызы, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жақсылық Жалғасбаев, ардагерлер, мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты. 
      Марал баба жайлы бейнебаяндар көрсетіліп, шақырылған қонақтарға сөз берілді. Өмір жолы, басынан өткен қызықты да тәрбиелік мәні бар хикаяттары айтылса, мектеп оқушылары әдеби қойылым ұсынды.
Ардагер ұстаз, баба ұрпағы Смағұл Қауысов клуб үйіне Бегімбай Ұзақбаевтың  «Марал баба» атты кітабын сыйға тартты. Кеш соңында ауыл қарттары бата берді.
14 ақпан 2020 ж. 1 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 748

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031