» » Ислам және Марал баба

Ислам және Марал баба

ЖОСАЛЫ, 31 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын басшылыққа ала отырып Төребай би ауылдық клубы КМҚК-да үш жүздің пірі болған, күллі қазақ еліне "100 жыраудың Отаны" атымен танылған киелі Қармақшы өңірінде бар саналы өмірін өткізген жандардың бірі Марал ишан Құрманұлының 240 жылдығына орай "Ислам және Марал баба" атты діни танымдық кеш өтті. Кештің басты мақсаты - қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы - имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру.


Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт-дәстүр, әдет-ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушылардың, жастардың бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүюге, ата-ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу, жол сілтеу. Кешке арнайы бабаның ұрпақтары Смағұл Қауысов, Камаладин Абдрахманов, Марал баба қорығының шырақшысы Ералиев Бекболат Ералытегі, Қармақшы аудандық дін мәселелерінің зерттеу орталығының теолог маманы Сқақов Жалғасбек ағай шақырылды. Діни танымдық кешке ауыл әкімі С. Әлімжанқызы, ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж. Жалғасбаев, ауыл қарттары, мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты. Кеште Марал баба жайлы видеороликтер көрсетіліп, кешке арнайы шақырылған қонақтарға сөз беріліп, бабаның өмір жолы, қызықты да тәрбиелік мәні бар бабаның басынан өткен хикаяттары айтылды. Мектеп оқушылары әдеби монтаж қойды. Кеш соңында ауыл қарттары бата берді.
31 қаңтар 2020 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031