» » » Ескерткіштер ұлттық тарихымыздың діңгегі

Ескерткіштер ұлттық тарихымыздың діңгегі

Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, сөйтіп, келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы «18 сәуір – тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың Халықаралық күні» деп бекіткен болатын.
Осыған орай Қармақшы топырағындағы қасиетті нысандар тізіміндегі Марал баба, Қалқай ишан кесенесіне «Ескерткіштер ұлттық тарихымыздың діңгегі» атты ақпараттық-экскурциялық тур ұйымдастырылды.
Мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі Рамазан айында барған турға қатысушыларды Марал бабаның шырақшысы Бекболат Ералиев қарсы алды.
Марал ишанның тұтынған заттары мен бұйымдары, бабаның өмір тарихынан сыр шертетін арнайы бөлмедегі құнды жәдігерлермен таныстырды.
Шара барысында өлкетанушы, жыраулар үйінің қызметкері А.Айтбайұлы аудан көлеміндегі өңірдің қасиетті орындары мен археологиялық, қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің тарихи маңыздылығына тоқталды.
Шараның мақсаты – жастардың назарын мәдени мұраларға аударуды, тарихи орындарға қызығушылықты оятуды, сондай-ақ рухани және мәдени құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.
15 сәуір 2021 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 510
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 313

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930