» » » ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ – ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ – ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, сөйтіп, келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халық­аралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы «18 сәуір – тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың Халықаралық күні» деп бекіткен болатын.Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 
Бүгінгі күні аудан көлемінде 85 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекет қорғауына алынған, олардың 6-ы республикалық, 43-і жергілікті маңызы бар объектілер.
Ал, 36 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Археологиялық ескерткіштер – 43, сәулет және қала құрылысы ескерткіштері – 42.
Қолданыстағы заңдылықтар негізінде бүгінгі күні аудан көлеміндегі 75 ескерткішке облыстық және жергілікті бюджеттен қорғау тақталары толық орнатылып, төлқұжаттары жасалды.
Нақтырақ  айтқанда,2009 – 2018 жылдар аралығында облыстық, аудандық бюджеттен – 75 ескерткіштің төлқұжаттары рәсімделіп, стандартқа сәйкес қорғау тақталары орнатылса, 2018 жылы аудандық бюджет есебінен ескерткіштердің алдын-ала тізіміне алынған Тәйімбет Көмекбаев бюстінің төлқұжаты мен қорқау тақтасын тиісті орындаушы тарапынан  қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, заң талаптарына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша  қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафт аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл жұмыстар ауданда 2014 жылдан бері қолға алынып, 18 ескерткіштің қорғау аймағы белгіленді.
Бұл ретте 2014 жылы аудандық бюджеттен Қорқыт ата ескерткіш кешенінің қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілсе, 2016 жылыоблыстық бюджет есебінен 2 ескерткіштің қорғау аймағының жобасы мәслиаты 17 ескерткіштің қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафт аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілді. 
Қазіргі уақытта осы қорғау аймағы белгіленген 1 ескерткіш – Қорқыт  ата ескерткіш кешені толығымен қоршалды.
Қайта жаңғырту жұмыстары бойынша 2013-2018 жылдары аудан көлемінде 4 ескерткіш қайта жаңғыртудан өтті.
Оның 3-і облыстық бюджет есебінен (Қорқыт ата ескерткіш кешені, Қалқай ишан кесенесі, Ә.Егізбаев бюсті);
Ал, 2018 жылы аудандық бюджеттен 2999,0 мың теңгеге өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген Марал ишан мазарына реставрациялау жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні ауданның тарихи-мәдени мұраларын пайдалану мен қорғау бағытында Қармақшы ауданы әкімдігі жанында «Аудан аумағында жаңадан ескерткіштер мен белгілерді қоюды реттеу жөніндегі» комиссия жұмыс жасайды.
«Аудан аумағында жаңадан ескерткіштер мен белгілерді қоюды реттеу жөніндегі комиссия» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 шілдедегі №751  қаулысымен құрылып, жұмыс жүргізуде.
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің шешімімен 2014 жылы облыстық бюджеттен алғаш рет аудандағы Шірік Рабат қалашығына археологиялық қазба жұмыстары бастау алса, 2018 жылы Сортөбе, Бәбіш Молла қалашықтарына да осындай жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар биылғы жылы да өз жалғасын таппақ.
Қазбажұмыстары аясында маңызды мәдени нысандар аршылып, Сыр өңірінің археологиясы тың деректермен толықтырылуда. Қазіргі уақытта қазба жұмыстарымен ғана шектелмей, аршылған нысандарды сақтау, қалпына келтіру шаралары қоса жүргізіліп, табылған құнды жәдігерлер аудандық музей қорына жинақталуда.
Бүгінгі күні облыс әкімдігі жанындағы Кеңестің шешімімен жүзеге асырылып жатқан ауқымды шаралардың бірі – Сыр өңірінің бірқатар ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу болып табылады.
Орта Азияның 4 елі – олар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларының ескерткіштерін «Жібек Жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның негізгі тізіміне енгізу ұсынылуда.
Осы номинацияда Қазақстан Республикасы бойынша 16 нысан болса, оның 8-і Қызылорда облысының ескерткіштері. Оның 4-і Қармақшы ауданында орналасқан. Олар – Бәбіш мола, Шірік-рабат,Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескерткіштері. Бүгінгі күні бұл ескерткіштер ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енгізу жұмыстары пысықталуда.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қасиетті орындарды сандық форматқа көшіру және олар туралы әлеуметтік желі қолданушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, Қармақшы ауданы бойынша киелі жерлердің 3D форматта  3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) интерактивті картасы дайындалып, ескерткіштердің аэрофото, картографиялық, географиялық түсірілімдері жасалды.
Сондай-ақ, тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнатылып, қонақтар мен туристерге тарихи орындар туралы толық ақпарат алуына мүмкіндіктер туды.
Бірінші кезекте аудан орталықтарына жақын жердегі  республикалық және жергілікті маңызы бар 15 ескерткіш қамтылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша ауданнан 2 ескерткіш (Қорқыт ата ескерткіш кешені, Шірік-рабат қалашығы) «Жалпы халықтық қасиетті нысандар», 5 ескерткіш «Өңірлік қасиетті нысандар» (Бәбіш Молла қалашығы, Баланды ІІ кесенесі, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері, Қалқай ишан мазары, Марал ишан мазары) тізіміне енгізіліп, жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды.
Ендігі кезектегі міндетіміз – осы нысандарды жас ұрпаққа, мектеп оқушылары мен жастар арасында насихаттау, туристік нысанға айналдыру бағытындағы шараларды кешенді түрде ұйымдастыру. Осы орайда аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен өңірдің қасиетті орындары - Қорқыт ата ескерткіш кешеніне, Сортөбе қалашықтарына экскурсия, пресс турлар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуда.
Нақтырақ айтқанда:
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Ескерткіштер ғасырлар куәсі» тақырыбында «Жыраулар үйінің» үйірме шәкірттерінің қатысуымен Қорқыт ата ескерткіш-кешеніне, Сортөбе қалашығына тарихи-мәдени экскурсия ұйымдастырылса, білім беру ұйымдарында «Рухани құндылық – ұлт қуаты» атты тарихи танымдық сабақтар жүргізілді.
Бүгінгі күні  жергілікті «Қармақшы таңы» газеті мен «Qyzylorda news» сайтына және «Facebook» әлеуметтік желісіне 30-дан аса тарихи-танымдық мақалалар мен посттар жарияланды.
Тарихқа тұнған мұраларымызды одан әрі насихаттау мақсатында халықаралық «Мир» телеарнасының «Қазақстан: Дала аңыздары» бағдарламасының деректі фильмдер топтамасына, «Хабар» телеарнасының ескерткіштердің туризм бағытындағы алатын рөлі. Сондай-ақ, еліміздің тарихын қайта жаңғырту және төл мәдениетіміздің озық үлгілерін жұртшылық назарына ұсыну мақсатымен «Qyzylorda» телеарнасының «Туған өлке» бағдарламасына «Қармақшы ата» мазарының тарихи маңыздылығы, «Тұрмағамбет» ескерткіші, Қасиетті орындар тізіміне енгізілген «Жетіасар мәдениеті» ескерткіштері, «Баланды ІІ» кесенесі, «Қорқыт ата қорымы» туралы арнайы бағдарламалық деректі фильмдер топтамасымен телекөрермендерге ұсынылып арнайы сұхбаттар берілді.
Өткен жылы Қармақшы ауданының 90 жылдығына орай жергілікті бюджет қаржысы есебінен «Фолиант» баспасы арқылы «Қармақшы» атты тарихи-танымдық кітап шығарылды. Кітапта аудан көлеміндегі тарихи және мәдени мұраларымыз туралы мағлұматтар енгізілді. Кітап барлық облыстардың орталық кітапханаларына, облыстағы барлық аудандардағы кітапханаларға, аудандағы білім беру ұйымдарына таратылды.
Қазақ халқының ғасырдан-ғасырға ұштасқан тарихи мұрасын сақтау, өткені мен бүгінін жақындастырып, байланыстыратын құнды жәдігерлерді қорғау – бүгінгі біздің басты міндетіміз. Аудан көлеміндегі тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау, насихаттау және сақтау мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.
А.А.Скендиров,
К.Рүстембеков атындағы
Жыраулар үйінің қызметкері,
Экономика ғылымдарының магистрі
22 сәуір 2019 ж. 12 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031