» » «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ТАҒЗЫМ

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ТАҒЗЫМ


Ауданымызда дәстүрге айналған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудан ардагерлері қасиетті Қорқыт Ата және Марал Баба кесенелеріне барып, тағзым етті. Сапар барысында 30-ға жуық ардагерлер екі қасиетті орында да құрбандық шалып, ел амандығы мен бірлігі үшін құран бағыштады.

Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, ел тарихын дәріптеу жолындағы осындай игі шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ардагерлер музеймен және ондағы тарихи жәдігерлермен танысып, бабалар мұрасына құрмет көрсетті.

Марал Баба кесенесінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен білім саласының ардагері Дәмелі Жалғасбаева мұндай шаралар – ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды дәстүрдің жалғасы екенін жеткізді.

Айта кету керек, бұл жоба аудан әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен қаржыландырыла отырып, тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін де осы бастама аясында ардагерлер Түркістан және Байқоңыр қалаларына саяхаттап, тарихи және рухани орындарды аралап қайтқан болатын.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 қараша 2025 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930