» » Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет

Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында Чернобыль атом электр станциясы апатына 37 жыл толуына орай тағзым ету және құрмет көрсету іс-шарасы өтті.
Іс-шараға арнайы аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудан ардагерлері, Ауғанстан және аймақтық соғыс, Тәжік-Ауған, Невада-Семей ардагерлері қатысты.

Тағылымы мол іс-шарада Чернобыль ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, апат зардабынан қаза болған батырлар рухына құран бағышталды.

Одан соң, іс-шарада алғашқы болып сөз алған аудан басшысы адамзат тарихындағы қуаттылығы жойқын техногендік апат салдарын жоюға қатысқан жерлестеріміздің ерлігі мен жігері, батырлықтары үшін ризашылығын білдіріп, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, адамдарды зиянды әсерден және радиацияның одан әрі таралуынан қорғаған азаматтарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ, жауынгер ардагерлерге мерекелік медаль мен алғыс хат табыстап, радиация әсерінен қаза болған азаматтардың отбасыларына сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, аудандық Чернобыль ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары А.Бисембаев ардагерлер атынан ризашылығын жеткізді.

https://www.instagram.com/p/CrhrxCXNBR-/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
27 сәуір 2023 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930