» » Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Ерлік ешқашан ұмытылмайды


Биыл Чернобыль атом электр станциясында болған ядролық техногендік апатқа 36 жыл толып отыр. Бұл атом энергиясын пайдалану тарихында орны толмас қасіретке соқтырып, мыңдаған адамның өмірін қиған апат болатын.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан жүз мыңдаған азаматтың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады. Адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғап, оның одан әрі таралуына тосқауыл болды. Содан бері 36 жыл өтсе де сол апаттың жаңғырығы әлі де ұмытылған жоқ. Қармақшы халқы Чернобыль ардагерлеріне, радиациялық апат салдарын жоюға қатысқандарға, олардың туған-туыстарына құрмет білдірді.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы, аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы, аудан ардагерлері және Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандар мен құрбан болғандардың туыстары қатысты.
Батырларға тағзым ету іс-шарасы «Чернобыль» апатының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен бас­талып, ескерткішке гүл қою рәсімі өтіп, Құран бағышталды. Іс-шарада алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы адамзат тарихындағы қуаттылығы жойқын техногендік апат салдарын жоюға қатысқан жерлестеріміздің ерлігі мен жігері, батырлығы үшін ризашылығын білдіріп, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, адамдарды зиянды әсерден және радиацияның одан әрі таралуынан қорғаған азаматтарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Сондай-ақ аудан әкімінің шынайы алғысын жеткізіп, жауынгер ардагерлерді марапаттады.
Сонымен қатар іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, Жосалы кенті қауымдастығының төрағасы Асқар Мереков өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, аудандық «Чернобыль» ардагерлері Мейрамбек Қосназаров пен Марат Үсенов өз ризашылықтарын жеткізді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
30 сәуір 2022 ж. 592 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 655

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30