» » Чернобыль жаңғырығы ұмытылмайды

Чернобыль жаңғырығы ұмытылмайды

1986 жылдың 26 сәуірінде Украинада Чернобыль атом электр станциясының төртінші электроблогында жарылыс болды. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. Радиоактивті түтін Еуропаның 10-нан аса мемлекетін 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион адам зардап шекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлаған.
Көзге көрінбейтін бұл тажалды ауыздықтау үшін бүкіл Кеңес Одағына қараған республикалардың азаматтары қатысты. Азаматтар өмір мен өлім арасында жүріп, көзге көрінбейтін қауіпті жау – атом реакциясын тұмшалау үшін мылтықсыз майданды бастан кешірген. Өздерін құрбан ете отырып Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандық қатысқан. Оның 800-ден астамы Қызылорда облысынан болған. Чернобыль апатының зардаптарын жоюға біздің өңірден де жерлестеріміз қатысып, ерен ерліктің үлгісін танытқан болатын.
Жақында аудан әкімдігінде Украина жеріндегі осыдан 35 жыл бұрын болған Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтармен кездесу өтті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров жүргізіп, ардагерлерге ізгі лебізін жеткізіп құрмет көрсетті.
– Адамзат тарихындағы техногендік апаттың зардабын жоюға қатысқан аудан азаматтарына ерен ерліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Отан үшін от кешіп, бауырмалдығы мен ерлікке толы қаһармандық істері жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы.
Сондай-ақ жиында Чернобыльдегі апатты жоюға қатысқан жерлестерімізге аудан әкімінің алғыс хаттары мен медальдар табысталды. Салтанатты жиын одан әрі кенттегі Жастар саябағында орналасқан Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысып қаза болған жерлестерге арналған ескерткіш белгі басында гүл шоқтарын қойып еске алу шарасымен жалғасты.
Ең алдымен жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ірі апаттың салдарын жоюға қатысқандарға тағзым етті.
– Елбасы, Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген тұста ең алдымен ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылдады. Өйткені Чернобыль апаты бүкіл әлемге атом энергиясының бақылаудан шығып кетсе қандай күйге ұшырайтынын көрсетіп берді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиға өз өмірлерін аямастан апаттың зардабын жоюға атсалысқан адамдардың ерік-жігері мен батырлық үлгісін де таныта алды. Бүгін біз чернобыльдық ерлерді еске алуға жиналып отырмыз. Өздеріңіздің сол кезеңдегі іс-әрекеттеріңіз – бүгінгі жас ұрпақ үшін ерліктің ерен үлгісі, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Бұл жиынға апат зардабын жоюға белсене атсалысқан 30-ға жуық аудан ардагерлері арнайы келді. Олар сол кездегі оқиға сәттерінен естеліктер айтып, жас­тар қауымын заманның тыныштығын қадірлей білуге шақырды. Іс-шара соңында ерен ерліктің үлгісін көрсеткен азаматтар мен қаза болған азаматтардың отбасы мүшелері облыс әкімінің алғыс хаттарымен және «Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
15 маусым 2021 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 260

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930