Топ-баннер
» » ҚАРМАҚШЫДА АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЛЫҚ АУЛАУ САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЛЫҚ АУЛАУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қармақшы топырағында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудан ардагерлері арасында балық аулау сайысы ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен бұл шара салауатты өмір салтын насихаттап, аға буын өкілдерінің қоғамдағы орнын арттыру мақсатында өткізілді.

Тағалымды шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысып, қатысушы ардагерлерге ізгі лебізін білдірді:

«Біз ардагерлерімізді тек мерекелік күндерде ғана емес, күн сайын қолдап, оларға әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі шара да - сіздерге деген ерекше ықыласымыздың, алғысымыздың белгісі. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» екенін ешқашан естен шығармай, сіздерге қамқорлық жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Сіздердің ақ баталарыңыз бен игі тілектеріңіз – біз үшін қашан да бағалы. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тілеймін!»,- деді Жандос Еркінбек.

Сайыс барысында үздік нәтижеге қол жеткізген ардагерлерге аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды. Олардың қатарында «Үздік балықшы», «Сабырлы балықшы» сынды марапаттармен бірге, «Ең қарт қатысушы» номинациясы да табылып, мерейлі жастағы қария көптің қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ, шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, мұндай шаралардың ардагерлер үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында бұған дейін аудан ардагерлеріне арнайы тарихи-мәдени орындарға танымдық сапарлар ұйымдастырылған болатын. Ал бұл жолғы балық аулау сайысы – аталған жоба аясында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шаралардың бірі.

16 қазан 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 454
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728