» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА САПАРҒА ШЫҚТЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА САПАРҒА ШЫҚТЫ


Еңбек күні және Халықаралық қарттар күні мерекелері қарсаңында Қармақшы ауданының ардагерлері Түркістан қаласына сапарға шықты.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ш. Сыдықов ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оларға сәт сапар тіледі. Сондай-ақ, ауданымыздың ілгері дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерге алғысын білдіріп, алда келе жатқан мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков пен Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев сөз сөйлеп, аудан басшылығына ардагерлерге көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыс білдірді.

Түркістан сапары бағдарламасы бойынша ардагерлер «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне зиярат етіп, қайта жанданған қаланың «Керуен сарай», «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешендерін аралайтын болады.

Ардагерлерді тарихи және киелі орындарға апару және оларға құрмет көрсету шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

28 қыркүйек 2024 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 332
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 855

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930