» » Ардагерлер – Түркістан төрінде

Ардагерлер – Түркістан төрінде

Үлкенді құрметтеу, қадірлеу, ұлағаттау мақсатында қасиетті мекен – Түркістан қаласына ардагерлердің саяхаты биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Еңбек күні және Халықаралық қарттар күні мерекелеріне орай аудан әкімдігінің қолдауымен қармақшылық еңбек ардагерлері кеше киелі мекенге жолға шықты.
Саяхаттаушылар қатарына ауданға қарасты 2 кент, 12 ауылдық округтегі еңбек ардагерлері, көпбалалы зейнеткер аналар, білім, мәдениет салаларының ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қамтылды.
Аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оларға сәт сапар тіледі. Сондай-ақ, ауданымыздың ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғысын білдіріп, алда келе жатқан мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Сапар барысында ардагерлер «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне зиярат етіп, «Ұлы дала елі» орталығы мен «Керуен сарай» демалыс аймағын аралады.
Ардагерлер рухани астананың жаңарып, зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан басшылығына алғыстарын жаудырды. Қазақта «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақал бар. «Елге еңбек еткен жақсы, еңбекті елеген ел жақсы» демекші ардагерлер осы іске мұрындық болған ел азаматтарына осындай үлкенге көрсеткен сый-құрметі үшін шексіз ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп, абырой тілеуде.
«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қазыналы қарттардың қуанышты жүздерін көретін күннің көп болатынына кәміл сенеміз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
24 қыркүйек 2022 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930