» » » Аудан ардагерлері жолға шықты

Аудан ардагерлері жолға шықты



Халқымыздың ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бүгінде ауданымыздың игі дәстүріне айналған ізгілікті шарасы жалғасын тапты.
Қармақшы ауданының әкімі еліміздің, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосып, бүгінде зейнет демалысындағы бір топ ардагерлерді киелі Түркістан шаһарына саяхатқа шығарып салды.
Аудан басшысы: "Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге ерекше алғысымды білдіремін. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші аудан ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ізет білдіру біз үшін зор міндет. Түркінің тұран мекені киелі Түркістан сапарына сіздерге сәттілік тілеймін! Ат-көлік аман барып сау қайтыңыздар, ардақты ардагерлер"- деді.
Түркістан сапары бағдарламасы бойынша ардагерлер «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне зиярат етіп, қайта жанданған қаланың «Керуен сарай», «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешендерін аралайтын болады.
24 қыркүйек 2023 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 118

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930