» » ҚОРҚЫТ АТА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

ҚОРҚЫТ АТА РУХЫНА ТАҒЗЫМ


Киелі Қармақшы топырағына «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Кеңесінің төрағасы Ұзақбай Карабалин бастаған делегация Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне арнайы барып, бабаның рухына тағзым етті.

Құрметті қонақтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықов күтіп алып, тарихи-мәдени нысанды бірге аралады.

Бұл сапар «Шахмардан Есенов және оның Қазақстан ғылымы мен мұнай-газ саласын дамытудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылған.

Қасиетті Қорқыт Ата кешені бүгінде ел руханияты мен туризмнің маңызды орталығына айналып, жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін көптеген туристерді қабылдап отыр. Мемориалдық кешен арқылы ауданымыздың мәдени және рухани туризм саласы жаңа серпін алып келеді.

Кездесу соңында Ұзақбай Қарабалин қасиетті Қорқыт Ата жері ел бірлігінің көрінісі екенін атап өтіп, аудан халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдірді.

15 қараша 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930