» » Таза Қазақстан: Түркістан облысының БАҚ өкілдері Қорқыт ата кешеніне экологиялық сапармен келді

Таза Қазақстан: Түркістан облысының БАҚ өкілдері Қорқыт ата кешеніне экологиялық сапармен келді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алып, еліміздің әрбір аймағында, аудан мен ауылдарында тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Осыған орай, Түркістан облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ел Президентінің игі бастамасын қолдап, киелі жерлерге экологиялық туризм ұйымдастыруда. Экотуризм делегациясы кеше Қармақшы ауданына келіп, киелі Қорқыт ата мемориалдық кешеніне табан тіреді.

Аудан әкімінің орынбасары А.Әнуар, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов және мемориалдық мұражай директоры Н.Бақтияров кешен басында делегацияға бүкіл түркі жұртының абызы Қорқыт ата жайлы және Қармақшы ауданының тарихы мен даму жолы туралы мәліметтер беріп, пікір алмасты.

Одан кейін БАҚ өкілдері Қорқыт ата рухына құран бағыштап, зиярат жасады. Мемориалдық кешен аумағына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру шараларын жүзеге асырды. Экологиялық туризм делегациясы әрі қарай Қарабұтақ-Есет батыр кесенесіне жолға шықты.

Бұл шараның негізгі мақсаты – еліміздің табиғи және мәдени мұраларын сақтау, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды қолдау. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар халықтың қолдауымен және белсенді қатысуымен жүзеге асырылуда.

02 тамыз 2024 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031