» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталып, еліміз бойынша санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде.

Ел Президентінің тапсырмасынан туындайтын міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы «Таза Қазақстан – Таза аймақ» атты үндеуін жариялап, барша Сыр жұртшылығын Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырды.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 6 сәуірден бастап аудан әкімі Жандос Еркінбектің жетекшілігімен Қармақшы ауданының барлық аумағында көктемгі тазалық және көгалдандыру жұмыстары қызу жүруде.

Экологиялық акция аясында Қорқыт ата кесенесінен бастап, Марал ишан, Қалқай ишан, сияқты киелі жерлер мен тарихи орындарға тазалық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, демалыс саябақтары мен жасыл белдеуге ағаш отырғызылды.

Игі шаралардың легі бүгін аудан орталығындағы «Жастар» саябағында ағаш отырғызу акциясымен жалғасты. Айтулы іс-шараға Аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі, әйел-аналар кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, көп балалы аналар мен ерекше жандар, жастар мен еріктілер және БАҚ өкілдері қатысты.

Өткен жылы аудан әкімінің қолдауымен аталмыш саябаққа су ұңғымасы (скважина) қазылып, аяқсу мәселесі толық шешілген болатын. Бүгін міне қармақшылықтар Президент бастамасын қолдай отырып, «Жастар» саябағының жасыл желекке айналуына зор үлестерін қосуда.

20 сәуір 2024 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 730

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031