» » Қармақшыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Қармақшыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті


Қармақшы ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу іс-шарасы өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты. Акцияға қатысушылар Жосалы кентіндегі «Жасыл белдеуге» 120 түп ағаш отырғызды. Жасыл белдеуге алдағы уақытта Қармақшы ауданының климаттық жағдайына сәйкес келетін 3000 түп тал егілетін болады.

Сонымен қатар, акция аясында бекітілген аумақтар бойынша көше жиектері мен аяқ су жүретін арық көздері тазартылды.

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі шаралар ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын тапты.

13 сәуір 2024 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031