» » "Таза Қазақстан - таза аймақ"

"Таза Қазақстан - таза аймақ"

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқытушылары Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған "Таза Қазақстан - таза аймақ" облыстық акциясына университеттің Ботаникалық бағында ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында университеттің 100-ден астам студенттері мен аға буын оқытушылары 500-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысты.
Аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағы қалаға көрік беретін жасыл желек ғана емес, студенттердің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.
Аталған оқу орнының студенттері жыл сайын дәстүрлі түрде көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен ағаш көшеттерін отырғызуға белсенді қатысып келеді.
Жуырда республика аумағында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың үндеуіне бір ауыздан қолдау білдірген университет студенттері көтеріңкі көңіл-күймен белсенділік танытты.
09 сәуір 2024 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 584

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930