» Ауданда ағаш отырғызу акциясы өтті

Ауданда ағаш отырғызу акциясы өтті

Бүгін аудан әкімі Мұса Қалдарбеков өңірде ұйымдастырылған «Таза аула – таза табиғат» акция аясында жас ағаш көшеттерін отырғызды.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ағаш көшеттерін отырғызу акциясына санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып барша аудан тұрғындары қатысты.

Саябақтарда жас ағаш көшеттерін отырғызуға арнайы барған аудан әкімі Мұса Оспанұлы жиналған жұршылыққа «Наурыз мерекесінің тағылымы мол тәрбиелік маңызының бірі-табиғатты аялау, жасыл-желекті сақтау болып табылады. Бұл күндері дәстүр бойынша арықтар тазаланып, тұрғындар жас ағаш көшеттерін отырығызады. «Жаңа күн», «жаңару» деген мағынасына сәйкес алдағы барлық жақсылық осы күннен, жан тазалығымен қатар қоршаған орта тазалығын сақтаудан басталады. Ауданның әр азаматы осы игілікті іске атсалысады деген ойдамын. Әз-Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін!», – деген тілегін жеткізді.

Жосалы кентінің 5 аймағында орналасқан саябақтарға соның ішінде «Жыраулар Үйі» ауласының саябағына, «Мәңгілік алау», «Жастар саябағы» «Қобыз» ескерткіші саябағына, аудандық аурухана саябағына 500-ге жуық ағаш көшеттері егілді.

Сонымен қатар кенттер мен ауылдық округтердің барлығында ағаш отырығызу акциясы жалғасты. Ағаш көшеттерін отырғызуға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, мәслихат хатшысы мен аудан әкімінің орынбасарлары, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасының орынбасары мен мәслихат депутатары, қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысты.

Ауданымыздағы санитарлық тазалық пен көркейту – көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

"Қт" ақпарат



---
21 наурыз 2021 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031