» » Қармашақшыдағы "Дендро" саябағы қалпына келтірілуде

Қармашақшыдағы "Дендро" саябағы қалпына келтірілуде


ЖОСАЛЫ, 27 сәуір – qarmaqshy-tany.kz
Жосалы кентінің орталығында орналасқан «Дендро» саябағы қайта қалыпына келтіріліп, жаңа ағаш көшеттері отырғызылуда.
Өздеріңізге белгілі аудан әкімі Мұса Оспанұлы басшылыққа келгеннан бастап осы саябақты қалпына келтіру мен абаттандыру жұмыстары бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тазалық жұмыстарын қолға алған болатын.
Осы игі бастамаларды көркейту – көгалдандыру мақсатында Жосалы кенті әкімшілігінің басшылығы мен «Қармақшы тазалығы» мекемесінің қызметкерлері де жалғастырды.
Көп уақыттан бері қараусыз қалып, орны тұзға айналған жерді, қайта өңдеп құнарландыру мақсатында тыңайтқыштар себілді. Арнайы техникамен тегістеліп, айналасы қоршалып, аяқ-су келетін арықтары қайта қазылып, бастапқы қалпына келтірілуде.
Бүгінгі күні саябаққа 8 мыңға жуық жас ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланса, қазіргі таңда жас ағаш көшеттерінің 6 мыңға жуығы отырғызылды. Жергілікті табиғат жағдайларына төзімді сыр талы, қара ағаш түрлерімен бірге жеміс ағаштары да отырғызылды.
Игі жұмыстар жүргізіліп, қалпына келтірілген демалыс орнын көздің қарашығындай сақтау, оларды бүлдірмеу – Жосалы кентіндегі әрбіріміздің азаматтық борышымыз екенін ұмытпасақ екен.




27 сәуір 2020 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930