» » ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі М.Қалдарбеков Жосалы кентіндегі көшелерге жаңадан арықтар қазу және көше аралық арықтарды тазалау жұмыстарын арнайы барып көріп, кент әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

-Тұрғындардың аулаларында бау - бақша егуі үшін кентте жаңадан арықтар қазылып, қолайлы жағдай жасау арқылы тұрғындардың бау-бақшамен айналысып, жас ағаш көшеттерін отырғызып, көркейіп – гүлденуіне жол ашады деп сенемін. Өлкеміздің көркейіп гүлденуі, сәулеті мен дәулетін тасыту – Сіз бен біздің перзенттік айнымас міндетіміз- деді аудан басшысы.

Жосалы кентіне аяқ-су беру жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап жүргізіледі.

Бүгінгі күні 15 км көлемінде кентішілік аяқ-су арықтарын қазу жоспарланған.

Сонымен бірге қазіргі таңда Жосалы кентінде орналасқан «Дендропарк» саябағы қайта қалпына келтіріліп, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызу, аяқ-сумен қамту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі



24 сәуір 2020 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 912
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 559

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930