» » Аяқ су беріле бастады

Аяқ су беріле бастады

    Биылғы көктем ауданымызда ерекше серпінмен басталды. Жаяу жүрсеңіз, тынымсыз тіршіліктің нәтижесін көресіз. Көшелер мен аллеяларға тал егіліп, гүлмен көмкерілді. Көгалдандыру  жұмыстары аяқсыз қалмас үшін кентте аяқ су ерте берілді.

     Аяқ су демекші Жосалы кентінде 74 шақырым арық бар. Оның негізгісі 32 шақырым болса, 42 шақырымы көше аралық арықтан құралған. Бүгінде басты көшелердегі үлкен арықтар тазартылып, су жіберілуде. Шынтуайтыны керек, кей көшеге су жетпей жатыр. Себеп, табанын топырақ басып, қоқысқа толған. Қазір кей тұрғындар есік алдындағы арықтарын да тазаламайды. Сенбілікке шыққандардың жұмысы ғой деген қағида ұстанып алғандай.
   – Арықтарды тазалау жалғыз кент әкімшілігіне жегіліп қойған жұмыс емес. Әр тұрғын өз ауласындағы арықтардың тазалығына жауапты. Мәселен биыл арықтарға су жіберуді сәуір айында бастадық. Басты мақсат – кентімізді жасыл белдеуге айналдыру. Қазақта «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақал бар ғой. Міне сол секілді кент тұрғындары да өз ауласындағы арықтарға көңіл бөлсе. Сонда аяқ су жетпейді деген әңгіме болмас еді, – деді кент әкімінің орынбасы Бақытбек Омарұлы.
     Биыл, кентті аяқ сумен қамтамасыз етуге және аяқ су арықтарын қазу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7285 мың теңге бөлінген. «Қармақшы тазалығы» ЖШС атаулы жұмыспен айналысады. Қазір Жосалы кентіндегі Шығыс, Амангелді, Рысқұлов, Мұратбаев, Батыс каналдарына бес бағыт бойынша кестеге сәйкес су айдалуда. Оның Шығыс каналы электр насосымен жабдықталса, қалған каналдарға жанар жағар май насосымен аяқ су беріледі.
     Үстіміздегі жылы аудан орталығындағы Абай мен Рысқұлов көшесінің бойына 100 қоқыс жәшігі орнатылды. Жәшік арық бойын бойлай орналасқан. Енді тек қолдағы қоқысты сол жәшікке салуға бейімделсек болғаны. Сол кезде басты көше арықтары қалдыққа толмас еді. Ауыл айнасы – көше тазалығынан басталатынын ұмытпайық.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
«Қармақшы таңы»
14 мамыр 2019 ж. 2 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 151
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031