» » Экотуризм делегациясы Қорқыт кешенінде болды

Экотуризм делегациясы Қорқыт кешенінде болды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алып, еліміздің әрбір аймағында, аудан мен ауылдарында тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Осыған орай, Түркістан облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Президентінің игі бастамасын қолдап, киелі жерлерге экологиялық туризм ұйымдастыруда. Экотуризм делегациясы Қармақшы ауданына келіп, киелі Қорқыт ата мемориалдық кешеніне табан тіреді.
Аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және мемориалдық мұражай директоры Нұрлан Бақтияров кешен басына келген делегацияға бүкіл түркі жұртының абызы Қорқыт ата жайлы және киелі топырағымыздың тарихы жайында баяндады. Сондай-ақ БАҚ өкілдері баба рухына Құран бағыштап, зиярат етті. Сонымен бірге мемориалдық кешен аумағына санитарлық-тазалық жұмыстары мен абаттандыру жүргізді. Экологиялық туризм делегациясы әрі қарай ҚарабұтақЕсет батыр кесенесіне қарай жолға шықты.
Бұл шараның негізгі мақсаты – еліміздің табиғи және мәдени мұраларын сақтау, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды қолдау. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар халықтың қолдауымен және белсенді қатысуымен жүзеге асырылуда.
«ҚТ» ақпарат
06 тамыз 2024 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031