» » АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ СЕЙІТПЕНБЕТ ӘУЛИЕГЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ СЕЙІТПЕНБЕТ ӘУЛИЕГЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың бірқатар ардагері киелі мекендердің бірі – Ер Сейітпенбет әулиенің кесенесіне барып, зиярат етті.

Ер Сейітпенбет – Сыр бойында аты кеңінен белгілі болған діни тұлғалардың бірі. Азан шақырып қойған есімі Сайдмұхаммед деген деректер де кездеседі. Әйгілі Марал ишанмен замандас болған. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген әулие баба өз дәуірінде ел арасында діни сауаттылықты насихаттап, рухани көшбасшы ретінде танылған. Сейітпенбет әулиенің есімі Сыр өңірінің тарихи-рухани мұрасымен тығыз байланысты.

Қасиетті мекенге барған ардагерлер баба рухына Құран бағыштап, зиярат етті. Іс-шара барысында ардагерлерге жағдай жасалып, құрбандық шалынды.

Айта кетсек «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы – аудан ардагерлерінің еліміздің тарихы мен рухани құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған жүйелі бастамалардың бірі. Жоба аясындағы тағылымды шаралар бұған дейін де дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы ауданымыздың 100-ге жуық ардагері Түркістан қаласына және Байқоңыр ғарыш айлағына арнайы барып, тарихи-мәдени және танымдық орындарды аралаған.

Биыл да игі бастама жалғасын тауып, мазмұнды кездесулер мен танымдық сапарлар ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта аудан ардагерлерін Сыр елінің және еліміздің өзге де аймақтарында әулие, абыз, батыр бабалардың кесенелері мен тарихи-мәдени, киелі орындарына зиярат ету жоспарланып отыр.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 қыркүйек 2026 ж. 23 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 816
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 098

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930