» » БАС МҮФТИ МАРАЛ БАБА КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ

БАС МҮФТИ МАРАЛ БАБА КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Ұлан-байтақ даламыздың сынық сүйем жері біз үшін ұлық көрінеді. Арғы-бергі қиырына ат арытып әрең жететін қазақ жерінде талай жақсы мен жайсаң ғұмыр кешті. Алаштың ардағына айналған тұлғалар қалың қауымды уәлі сөзімен ұйыта білді. Сондай-ақ олар ерекше қасиеттерімен елдің есінде мәңгілік жатталып қалды. Сырдағы жұрт тағзым ететін киелі орын- дар жетерлік. Соның бірі – Қармақшы топырағында жамбасы жерге тиген Марал баба Құрманұлы.
Марал ишан – тарихи тұлға, Ислам дінінің көрнекті насихатшысы. Кезінде Бұхара медресесінде, кейін Мазари Шарифте (қазіргі Ауғанстан жері) білім алған. Ағартушылық қызметпен де көп айналысқан ол Қызылорда, Қызылжар, Қостанай өңірлерінде бірнеше мешіт пен медресе ашқан.
Сәрсенбіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Бас мүфти Жосалы кентінде жаңадан салынып жатқан «Марал ишан» атындағы мешіт құрылысының жұмысымен танысты. Нысан басында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы ҚМДБ төрағасына ауданның тыныс-тіршілігі мен өңірді дамыту бағытында атқарылып жатқан игі жұмыстарды тілге тиек етті.
Сапар соңында бас мүфти үш жүзге пір болған Марал ишан кесенесіне табан тіреді. Зиярат етуге бас мүфтимен қатар, діни басқарма жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудан ақсақалдары мен бірқатар азаматтар қатысты. Кесене басында баба рухына құран бағышталды. «Жаратушы Жаббар иеміз Марал бабамызды мейіріміне алғай. Жамағатпен жасаған зияратымызды қабыл етіп, хақ дініміз Исламның өсіп-өркендеуін нәсіп қылғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз баянды болғай» деді жамағатпен бірге ел ертеңі үшін дұға жасаған бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
26 мамыр 2024 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (10341)

24 қыркүйек 2024 ж.

№75 (10340)

21 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 983

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30