» » Кенесары ханның Құраны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылады

Кенесары ханның Құраны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылады

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кенесары ханның Құранын ҚМДБ-ға тапсыру рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін бабамыздан жеткен құнды жәдігерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдап алып жатыр. Құран құтты орнына оралды. Құнды мұра қалпына келтірілген соң Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылады, – деді Бас мүфти.
Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, екі ғасырлық тарихы бар жәдігерді қарилар оқып, сауабы Кенесары хан мен Марал ишан бабаларымызға бағышталмақ.

Сондай-ақ Бас мүфти діни басқарманың ұйытқы болуымен Марал Ишанның есімін жаңғырту мақсатында республикалық конференция өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Сол жиында Марал бабамызды жан жақты зерттеп, зерделеп, тарихи фактілермен ол кісінің ұлттық бейнесін қалыптастыру, Кенесары хан тұсындағы Ислам діні жайында жаңа мәліметтер, тың дүниелерді тарату жоспарға енді. Алла қаласа бұл жұмыстарымыздың да куәсі боласыздар, – деді ол.



04 шілде 2023 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 067

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930