» » АРДАГЕРЛЕР ҚАСИЕТТІ МЕКЕН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

АРДАГЕРЛЕР ҚАСИЕТТІ МЕКЕН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ


Аудан әкімінің қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың ардагерлері Түркістан қаласына танымдық әрі рухани сапарға аттанды.

Аудан басшысы Жандос Еркінбек ардагерлерді арнайы шығарып салып, ақжолтай тілегін білдірді:

«Сіздердің өмір жолдарыңыз кейінгі буынға үлгі. Осындай тағылымды сапарлар арқылы ардагерлеріміздің тарихи-мәдени мұраларымызбен танысып, қасиетті орындарға зиярат етуіне мүмкіндік жасалуда. Түркістан халқымыздың тарихы мен руханиятында айрықша орны бар қасиетті мекен. Сапарларыңыз сәтті өтсін», – деді.

Айта кетсек «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аудан әкімінің қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – аудан ардагерлерінің тағылымды орындарға барып, тарихи мұралармен танысуына мүмкіндік жасау.

Өткен жылы жоба аясында ауданымыздың 100-ге жуық ардагері Түркістан қаласына және Байқоңыр ғарыш айлағына, сондай-ақ киелі мекендерге барып, бабалар рухына Құран бағыштады. Биыл да игі бастама жалғасын тауып, 40 ардагерге танымдық сапар ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта жоба аясында еліміздің өзге де тарихи-мәдени және киелі орындарына сапар жасау жоспарлануда.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 қыркүйек 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930