» » АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТӨРІ – ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТӨРІ – ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай киелі Түркістан қаласына жолға шыққан аудан ардагерлерін салтанатты түрде шығарып салып, ізгі тілегін жеткізді.

Шығарып салу сәтінде аудан басшысы:

«Кешегі күні мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында аянбай тер төгіп, ауданымыздың өркендеуіне зор үлес қостыңыздар. Бүгінде зейнет жасына қарамастан, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жастарға бағыт-бағдар көрсетіп келесіздер. Осындай өнегелі істеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бұл сапар сіздер үшін таным мен тағылымға толы, рухани жаңғыруға серпін беретін игі іс боларына сенеміз. Сапарларыңыз сәтті, жолдарыңыз ашық болсын!»,– деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл танымдық сапар – аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықтың көрінісі.

Айта кетейік, бұл игі дәстүр 2021 жылдардан бері жалғасуда. Жыл сайын аудан ардагерлері Түркістан, Қызылорда, Байқоңыр қаласы, Қорқыт ата кешені сияқты тарихи, рухани мәні зор орындарға арнайы саяхатқа жіберіліп келеді. Бүгінде аудан бойынша 5700-ге жуық ардагер бар. Алдағы уақытта оларды кезең-кезеңімен тағылымды сапарларға жіберу жоспарлануда.

02 қазан 2025 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031