» » Құрметті ардагерлер! Қымбатты аға буын өкілдері!

Құрметті ардагерлер! Қымбатты аға буын өкілдері!

Баршаңызды 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймын! Отансүйгіштіктің, адалдық пен болашаққа деген жанашырлықтың айқын үлгісін көрсететін еліміздің алтын қоры, парасаттылықтың қайталанбас өнегесі Сіздер деп білеміз. Дана халқымызда «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген тағылымды сөз бар. Біз, әрқашан қариясын қадірлеген текті ұрпақтың өкіліміз. Әркез алдыңғы буын ағалар мен апалардың ел игілігі үшін істеген ерен еңбектерін үлгі тұтамыз. Кешегі күні мемлекетіміздің жарқын жолында аянбай тер төгіп, ауданымыздың ілгері жылжуына үлес қоссаңыздар, бүгінде зейнет жасына қарамай қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар көрсетіп келесіздер. Осындай игі қадамдардың арқасында өңіріміз жылдан-жылға көркейіп, халықтың әл-ауқаты жақсара түсуде. Өздеріңіздің бай тәжірибелеріңізбен арамызда ақылшы бола жүріп, Тәуелсіз еліміздің дамуындағы істерді бірлесе атқаратынымызға сеніміміз мол. Сіздерге саналы ғұмырларыңызда өнегелі істеріңіз үшін алғысымды білдіре келе, мерейлі мерекеде отбастарыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ
01 қазан 2022 ж. 1 024 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 185
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 831

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031