» » САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтауға арналған салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында аудан әкімі сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап:
– Халықтың денсаулығын сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу – аса жауапты әрі маңызды міндет. Осы бағытта күн сайын қажырлы еңбек етіп жүрген сала мамандары халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Кәсіби біліктілік, жауапкершілік пен өз жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыз – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің берік негізі. Сіздерге, еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге абырой тілеймін, – деді аудан әкімі.

Салтанатты жиында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, обаға қарсы күрес қызметінің ардагері Мұрат Бәлібаев, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласының ардагерлері Алпысбай Серкешбаев пен Гүлнар Төлепбергенова өз тілектерін жеткізді.
Кездесуде ардагерлер өздерінің еңбек жолдарынан сыр шертіп, кейінгі буын мамандарына кәсіби мерекеге орай ізгі ниеттерін білдірді.

Жауапкершілігі мол салада табанды еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі халықтың денсаулығы мен елдің амандығы үшін әрдайым жоғары бағалауға лайық.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 қыркүйек 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 855
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930