» » Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні аталып өтті

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні аталып өтті




Бүгін Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні аталып өтті.

Бұл мереке «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қабылданған өзгерістерге сәйкес биыл алғаш рет ресми түрде мерекеленуде.

Мерекелік шараның ашылуында басқарма басшысы Алия Нұрмағанбетқызы құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар ардагерлерге құрмет білдіріп, сала қызметкерлеріне толағай табыс пен сәттілік тіледі.

Сондай-ақ басқармада абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар мамандарға аудан әкімінің және басқарма басшысының алғыс хаттары табыс етілді.

Іс-шара барысында «ҰСО» филиалының басшысы П. Ирюкова, сала ардагерлері Б. Кәріқұлов, К. Қарашаева, Ж. Омарова, Б. Жанабаева және Г. Төлепбергенова құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілектерін арнады.

Мерекелік шара аудан өнерпаздары мен басқарма мамандарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
12 қыркүйек 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30