» » Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету саласына үлкен өзгерістер енгізілді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Осы әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілер негізінде қазіргі таңда Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні);
- қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні);
Барлық мемлекеттік қызметтер «электронды үкімет» (www.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Қызметке тапсырыс беру үшін алдын ала ЭЦҚ болуы қажет және қажетті құжаттар топтамасымен танысу қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:
- көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;
- ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал порталда тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тегін көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады.
Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтерді алу барысы барынша ашық және қолжетімді.
11 тамыз 2023 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930