» Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне қызметтік автокөліктер берілді

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне қызметтік автокөліктер берілді

qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігісанитариялық-эпидемиологиялық бақылау  қызметіндамыту мен нығайту үшін шаралар қабылдауда.
Биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегісанитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін 132 бірлік арнайы қызметтік автокөлік сатып алынды. Оның 9 бірлігі Қызылорда облысына берілді және әрі қарай аумақтық басқармаларға үлестіріліп, облыс орталығы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандарындағы тұрақты эпидахуалды қамтамасыз ету үшін қызмет ететін болады. Көлік кілттерін облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова және санитариялық-эпидемиологиялық саланың ардагері Амангелді Бисенов табыстады.
Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д.Жанабергенова бұған дейін тозығы жеткен көліктермен ауру ошақтарына жету мәселесінің қиындық тудырғандығын, әсіресе, бұл аудандарда, шалғай елді мекендерде өте өзекті екендігін айтып,бұл автокөліктердің инфекциялық, паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық ошақтарын уақтылы тексеруде таптырмайтын құрал екендігін атап өтті.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және дамыту - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына дегенсын-қатерлерге уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің баспасөз қызметі
---
15 желтоқсан 2022 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 377
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930