» » ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Мәлікқызын зейнет жасына толуымен құттықтады.

Аудан басшысы Гүлнар Мәлікқызының денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылғы еңбегін атап өтіп, 40 жылға жуық уақыт ауданымыздың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Кәсібилігі мен жауапкершілігі арқасында саланың дамуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

Жиында аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен Гүлнар Мәлікқызына ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева құттықтау сөз сөйлеп, ардагер маманның еңбегіне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Өз кезегінде Гүлнар Мәлікқызы көрсетілген құрметке алғысын айтып, әріптестеріне ризашылығын білдірді. Ол өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жұмыстың әрі қарай да өз жалғасын табатынына сенім білдіріп, саладағы әріптестеріне табыс тіледі.

18 наурыз 2025 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930