Аудандық сайлау комиссиясына жаңа төраға келді
Аудан әкімдігінде Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ретінде қызмет атқарған Құлдүйсенов Әбдрахманға алғысын жеткізіп, аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасын таныстырды.
Құлдүйсенов Әбдрахман ағамыз еліміздің Тәуелсіздік алған жылдары басшылық қызметте жүріп, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосты. Бүгінде өз ортасында сыйлы да құрметті, халықтың ықыласына бөленген ардагеріміз.
Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, жоғары мерекелік медальдармен награтталған, екі рет аудандық мәслихат депутаты, тұрақты комиссиялардың төрағасы болды. Өзіңіз жоғары буынға тән ардақ тұтар қалыпыңызбен жастар үлгі болып келесіз - деді аудан басшысы Мұса Оспанұлы.
Сонымен бірге аудан әкімі мәслихаттың бірлескен шешімімен Ә.Құлдүйсеновті ауданымыздың «Құрмет Грамотасымен» марапаттады.
Өз кезегінде Ә.Құлдүйсенов сөз алып, алдағы уақытта басшылықта жүрген азаматтарға ризашылығын жеткізіп, Өзінің жүрекжарды тілектестігін жеткізді.
Сонымен қатар жиын барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы Марат Наятұлын таныстырды. Аудан басшысы Марат Наятұлының бұған дейін атқарған қызметтерде өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті оң бастамаларды қабылдауда еңбегінің жоғары екенін атап өтті.
Жиында соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов сөз сөйлеп, әріптестеріне ізгі лебіздерін жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі М.Қалдарбеков сайлау комиссиясының төрағасының алдағы қызметтегі бастамаларына сәттілік тіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі