» » Аудан әкімі халықаралық би байқауының жеңімпаздарын қабылдады

Аудан әкімі халықаралық би байқауының жеңімпаздарын қабылдады

Аудан басшысы Жандос Еркінбек Ташкент қаласында өткен «Ташкент Гранд Фестиваль» халықаралық би байқауында жүлделі І орын иеленген «Айқаракөз» би тобын қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады.
– Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған би ұжымы Ташкент қаласында өткен байрақты бәсекеде І орын иеленіп, ел мерейін өсірді. Бұл жеңіс ауданның мәдени өміріне зор мақтаныш алып келді, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға шығармашылық табыстар мен болашақта биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдіріп, ауданның талантты жастарына әрдайым қолдау көрсететінін айтты. Сонымен қатар, би тобының жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Ә. Қошалақов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Ұзақбаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К. Раева да құттықтау сөз сөйлеп, жас өнерпаздарға өздерінің ізгі лебіздерін білдірді.
12 қыркүйек 2024 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 113
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031