» » Қармақшы ауданы әкімі Азия чемпионы мен жүлдегерін қабылдады

Қармақшы ауданы әкімі Азия чемпионы мен жүлдегерін қабылдады


Бүгін қармақшылықтар халықаралық аренада шаршы алаңды бағындырған батыр қыздарды ыстық ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды.

Ел мерейін көтерген Азия чемпионы Әсемай Ғалымжанқызы мен жүлдегері Ұлтай Шакманқызын әрі қарай аудан әкімі Жандос Еркінбек қабылдап, байрақты бәсекедегі жарқын жеңістерімен құттықтады.

– Еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, табандылық пен жоғары спорттық шеберлік көрсетіп, елімізді халықаралық сайыста лайықты көрсете білдіңіздер. Алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындыруларыңа тілектеспін. Ал біз спортшыларымыздың алаңсыз жаттығу жасауына бар мүмкіндікті жасаймыз, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудан басшысы жас спортшылар мен бапкерлерін алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, 12-17 мамыр күндері аралығында Ақтау қаласында өткен самбодан жастар арасындағы Азия чемпионатында Әсемай Ғалымжанқызы І орын, Ұлтай Шакманқызы жүлделі ІІІ орынды иеленген болатын.

18 мамыр 2024 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 334
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 856

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930