» » Балуан қыздар құрметке бөленді

Балуан қыздар құрметке бөленді

qarmaqshy-tany.kz Ауданда спорттан ел намысын қорғап жүрген мықты спортшыларымыз жетерлік. олар қашанда жеңісімен ел мерейін үстем етіп, көк байрағын көкке көтеруде. Жақында самбодан Астана қаласында жастар арасында өткен Азия және Океания чемпионатында қос аруымыз Әсемай Рүстемова мен Ұлтай Сейлова жеңімпаз атанып қайтты.
Сейсенбіде аудан әкімі Жандос Еркінбек спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті. Жемісті жеңістерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Қазір спортта білектің күшімен белестерді бағындырып жүрген жастарымыз көбейіп келеді. Біз олармен әрқашанда мақтанамыз. Сіздер де еліміздің бас қаласында өткен Азия чемпионатында биіктен көріне білдіңіздер, оған ел болып қуандық. Бұл жетістіктеріңізді тынымсыз дайындықпен төккен тердің нәтижелі жемісі деп білемін. Әрі қарай спорттағы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Алар асуларыңыз көп болсын, – деді ол.

Мұнан соң аудан басшысы спортшы қыздарды арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасады. Әсемай Рүстемова 65 келі салмақ дәрежесі бойынша Азия чемпионы атанса, Ұлтай Сейлова 80 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленіп отыр.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы және Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» төсбелгісінің иесі, ардагер ұстаз Еркін Атабаев сөз сөйлеп, тілектерін айтса, қабылдауға келген балуан қыздар аудан әкіміне алғыстарын жеткізді.

– Біз әр жарысқа барған кезде бірінші елдің абыройын сезінеміз. Өйткені сіздер бізге әрдайым сенім артасыздар. Сіздердің тілектеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында жеңіске жетеміз. Алда тағы үлкен дода болмақ. Бұйырса, ауданның атын шығаруға күшжігерімізді салып, жеңіспен оралуға уәде береміз, – деді Әсемай.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
18 маусым 2023 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031