» » Әсемай – Қазақстан чемпионы

Әсемай – Қазақстан чемпионы

qarmaqshy-tany.kz Ақтау қаласында самбодан өзге аймақтың үздік бозкілем шеберлерімен бірге Сыр бойы құрамасы сапында жерлесіміз, олимпиадалық резервтің мамандандырылған аудандық №15 балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Бақберген Тәтімбетовтың шәкірттері жастар арасында өткен ел чемпионатында аймақ намысын қорғап, жүлдемен оралды.
Атап айтқанда, қыздар арасында 65 келіде белдесу өткізген Әсемай Рүстемова барлық қарсыласын жеңіп жеңімпаз атанса, ұлдар арасында 84 келі салмақта белдескен Рахатәлі Сартай жүлделі ІІ орынды иемденіп, Азия чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, осы жарыста №16 аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Гүлайым Нұрмаханованың шәкірті Ұлтай Сейілова да өз салмағында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, мерейі үстем болды.
Сонымен қатар, Әсемай Семей қаласында дзюдодан қыздар арасында өткен ел біріншілігінде де жүлделі ІІІ орынға көтеріліп, аудан абыройын асқақтатты. Енді ол дзюдодан сәуір айында Алматыда өтетін Азия кубогінде, маусым айында самбодан өтетін Әлем және қазан айында Бішкекте өтетін Азия біріншілігінде ел намысын қорғайды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ

https://www.instagram.com/p/CqnNjOwt0Pm/?utm_source=ig_web_copy_link
04 сәуір 2023 ж. 700 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 142
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031