» » Аудандық сот төрағасын жаңа қызметке құрметпен шығарып салды

Аудандық сот төрағасын жаңа қызметке құрметпен шығарып салды

Бүгін аудан басшысы Қайрат Ырзақұлұлы Қармақшы ауданының сот төрағасы Дархан Несіпбайұлын жаңа қызметке құрметпен шығарып салды.
Жиында сөз алған аудан әкімі Дархан Кентбаевты қызметін жоғары кәсіби деңгейде атқарып келе жатқан азамат екенін атап өтіп, ауданда жемісті еңбек еткені үшін алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ауданымыздың ең жоғарғы наградасы Қармақшы ауданының «Құрмет грамотасын» табыстады.
Аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов Дархан Несіпбайұлын жаңа қызметімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Аудандық сот төрағасы өз кезегінде сөз алып, әріптестеріне және барша аудан тұрғындарына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Кентбаев Дархан Несіпбайұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

31 желтоқсан 2021 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031