» » ҰЛТ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ – ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҰЛТ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ – ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Жуырда аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алия Нұрмағамбетқызының төрағалығымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Оған басқарма қызметкерлері мен «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының мамандары қатысты.
Жиын барысында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерге жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау жұмыстарының нәтижелері, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, жіті ішек инфекцияларының эпидемиологиялық ахуалы және оның алдын алу шаралары, сондайақ мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысына қатысты талдаулар тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала мамандары баяндама жасап, өзекті мәліметтермен бөлісті. Жиын соңында басқарма басшысы қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар 16 шілде күні басқарма басшысының төрағалығымен құқықтық семинар ұйымдастырылды. Онда санитариялықэпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы жүргізілетін ішкі бақылау нәтижелері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптары түсіндірілді.
Атап айтқанда, семинарда ҚР ДСМ СЭБК-нің 2025 жылғы 11 шілдедегі №24-23-1-3/1731- И хатына сәйкес жүргізілген мониторинг нәтижелері мен ондағы кемшіліктер талқыланып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы және Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекс нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Баяндамалардан кейін қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты. Жиынды қорытындылаған басқарма басшысы А.Нұрмағамбетқызы қатысушыларға алғысын білдіріп, тиісті тапсырмалар жүктеді.
«ҚТ» ақпарат
22 шілде 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930