» » ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес «Руханият» орталығында Отбасы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен мерекелік қабылдау өтті.

Жиында Диас Асылбекұлы барша жиналғандарды Отбасы күнімен құттықтап:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекет – отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Халқымыз үшін отбасы қашанда қасиетті ұғым саналған. Адам баласына берілетін тәрбиенің бастауы да отбасынан қалыптасады. Биыл ауданымызда 17 ана «Алтын алқа», 47 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталып отыр. Сондықтан өнегелі отбасыларды дәріптеу, олардың өмір жолын кейінгі буынға үлгі ету – баршамызға ортақ міндет, – деді.

Мерекелік қабылдауда отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүргені үшін Арықбаевтар, Қорғанбаевтар, Елеуовтер, Матжановтар, Тоғызбаевтар және Әлиасқаровтар отбасылары «Ынтымағы жарасқан отбасы», «Еңбекпен еңселенген отбасы», «Ұрпағымен ұлағатты отбасы», «Қызметі мен отбасы қатар өрлеген отбасы», «Жігерлі отбасы», «Өнер мен білімді ұштастырған отбасы» номинацияларымен марапатталды.

Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков кейінгі буынға өнеге боларлық шағын институт жайында ой-пікірін білдірсе, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева мерекелік лебізін жеткізді.

Сондай-ақ кездесуде концерттік бағдарлама ұсынылып, жергілікті өнерпаздарымыздың ән шашуымен жалғасты.

Айта кетсек отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына да ерекше мән беріліп келеді. Биыл аудандық кезең қорытындысы бойынша Тортаевтар және Қиясовтар отбасылары облыстық кезеңге ұсынылып, облыстық байқау нәтижесінде «Бәйтерек» және «Кемел» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ Отбасы күніне орай Ақтөбе ауылдық округінен Жакеновтер отбасы облыс әкімімен кездесіп, арнайы «Гауһар той» номинациясымен марапатталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 қыркүйек 2026 ж. 12 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 847
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930