» » "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында отбасы күніне орай аналармен кездесу өтті

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында отбасы күніне орай аналармен кездесу өтті

Бүгін "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында 15 мамыр - Отбасы күніне орай "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты "Мәметова" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен көп балалы аналармен кездесу өткізілді.
Бүгінгі шараның мақсаты – қоғамдағы ортақ мәселенің маңыздылығына назар аударып, береке-бірлігі жарасқан, еліміздің келешегі жас өркендерді тәрбиелеп отырған, отбасының алтын діңгегі асыл аналарымызды ұлықтау.
Кездесуге қатысқан партия ардагері, Байқоңыр қаласы бойынша Аналар кеңесінің мүшесі Қанымша Сражанова өнегелі отбасы – бұл, тәлім-тәрбиесі, қалыптасқан қағидасы бар, береке-бірлігімен, асыл қасиеттері арқылы өзгеге өнеге болар шағын мемлекет. Отан – от басынан басталатынын ескерсек, алдымен Отанды құрайтын отбасы мықты болуы шарт. Ол үшін отбасылық құндылықтарды мемлекеттік деңгейде жандандыру, үлгілі отбасыларды насихаттау жұмыстары жолға қойылуы қажет деп атап өтті.
Шараны қорытындылай келе, "Мәметова" БПҰ жетекшісі Гүлнұр Қайнарбаева қатысқан аналарға алғысын білдірді.
15 мамыр 2025 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031