Құрылтай
» » "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында кездесу өтті

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында кездесу өтті


Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты "Ақай" БПҰ ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында Ақай ауылының көпбалалы аналарымен "Жарасымды жанұя" тақырыбында кездесу өткізілді.

Жиын барысында "Ақай" бастауыш партия ұйымының жетекшісі Г.Орынбаева: "Тарихымызға үңілсек, ел басына күн туған сынақ замандарда да халқымыздың тұтастығын сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Қара қазанын ортайтпаған қанағатшыл халқымыз өмір соқпақтарында өзгені өзекке теппей, ұтымды іспен, шынайы ниетпен, тарылмайтын кеңдігімен еліміздің тамырын тереңге тартып, ел іргесін кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс қанатын кеңге жаяды", - деп атап өтті.

Кездесуді "Ақай" БПҰ жетекшісі Г.Орынбаева қорытындылап, шараға қатысқаны үшін көпбалалы аналарға алғысын білдірді.
18 ақпан 2025 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31