» » » ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ

ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ


15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Руханият орталығында «Отбасы– бақыт мекені» атты мерекелік шара өтті.
Отбасы құндылығын, оның беріктігін дәріптеу, жас отбасыларға үлгі ету, қоғамда белең алған ажырасу мәселесінің алдын алу мақсатында өткізілген іс-шараға аудан әкімінің орынбасары С.Смағұлов, аудандық сот судьясы С.Қожақов, аудан прокуроры М.Маханбетжанов, аудандық ардагерлер, әйелдер, аналар кеңесінің төрайымдары мен жас отбасылар қатысты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, қазақ қоғамындағы отбасының рөліне тоқталып, ауданымызда отбасылық құндылықтарды жандандыру, үлгілі отбасыларды насихаттау бағытындағы жұмыстарды атап өтті.
Сонымен қатар, отау құрғандарына 50, 60 жыл толған үлгілі, өнегелі әулеттің асқар тау әкелері мен шаңырақтың шырайын келтіріп отырған аналарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпат табыстады.
Тәлімі мол шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, әйелдер кеңесінің төрайымы К.Раева құттықтау сөз сөйлеп, жас отбасыларға отбасы тәрбиесіндегі ата-ана мен бала рөлін, ондағы басты құндылықтар жайында ақыл-кеңестерін айтса, аудандық сот судьясы Серік Елуұлы мен аудан прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлы отбасы құндылықтарын сақтау жолында заңдылық пен тәртіп, балалардың құқығын қорғау, ажырасу себептерін азайту бағытында түрлі құқықтық шаралардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде алтын, маржан той иелері мемлекет мерейінің биік болуы қашанда отбасының ынтымақ-бірлігінде екенін айтып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының әсем ән мен күмбірлеген күйлерімен қорытындыланды.

19 мамыр 2025 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 628
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031