» » ЕЛ ҚОРҒАУ – ЕРЛЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫ

ЕЛ ҚОРҒАУ – ЕРЛЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫ

Кеше «Руханият» орталығында жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толуына және кәсіби мерекеге орай, болашақ сарбаздарды Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге шығарып салу рәсімі өтті. Рәсімде аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
– Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қуатты армия – қауіпсіз ел» қағидатының негізінде әскери сала қызметкерлерінің еңбегі жатыр. Сіздердей кәсіби мамандардың арқасында еліміздің қорғаныс саласы жыл сайын дамып, нығайып келеді. Ата Заңымызда айқындалғандай, «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті». Осы ұлы мұратты берік ұстанған жастар, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге үлкен ынтамен аттануда. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, шекарамыз берік болсын. Отанға адал қызмет ететін жастар көбейе берсін, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Жалпы көктемгі әскери шақыру науқаны аясында ауданымыз 100 пайызға әскери тапсырысты толық орындаған болса, қазір күзгі науқан бойынша да бекітілген межені орындау жұмыстары да жүйелі жүргізілуде.
Салтанатты жиында өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар азаматқа алғыс хат табысталды.
Бұдан бөлек, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Қайсар Мусаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және Ауған соғысының ардагері Асқар Ермановтар сөз сөйлеп, елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.
Шарада жастарға патриоттық рух сыйлайтын концерттік бағдарлама ұсынылса, еңбек ардагері Қуанышбек Сүлеев жастарға ақ батасын берді.
Нұрилаәсем ӘСЕТҚЫЗЫ
13 қыркүйек 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930