» » Жергілікті әскери басқару органдары күні атап өтілді

Жергілікті әскери басқару органдары күні атап өтілді

Отан алдындағы адал қызмет – елдің тірегі. Ауданымызда бұл ұғым нақты іспен де дәлелденіп келеді. Осыған орай, бүгін «Руханият» орталығында 12 қыркүйек- «Жергілікті әскери басқару органдары» күніне арналған салтанатты шара өтті. Мереке қорғаныс саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген қызметкерлер мен ардагерлерді ұлықтауға, сонымен қатар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған жас сарбаздарға құрмет көрсетуге арналды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде:

– Президентіміздің “Қуатты армия – қауіпсіз ел” қағидаты – елдің тұтастығы мен тыныштығының басты кепілі. Осы бастаманың алғы шебінде сіздер – жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері тұрсыздар. Жастармен жұмыс істеу, әскерге шақыру – ел қорғанысының негізгі тетігі. Сіздердің еңбектеріңіз – бейбіт күннің батырлық бейнесі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, шекарамыз берік болсын! Отанға адал қызмет ететін жастар көбейе берсін!, – деді.

Мерекелік жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Жандос Бекмұрзаев сөз алып, жергілікті әскери басқару саласының қоғамдағы маңызын атап өтті.

Салтанатты жиын барысында қорғаныс саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып келе жатқан бірқатар сала мамандары аудан әкімінің атынан арнайы марапаттарға ие болды.

Шара аясында Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанғалы тұрған жастарға құрмет көрсетіліп, сарбаздарды шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Жиналған қауым жас сарбаздарға ақ жол мен ақ баталарын беріп, аудан тарапынан да қолдау көрсетілді.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздары дайындаған патриоттық әндер мен күйлерге ұласты. Шараның рухани мазмұны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Айта кетейік, Қармақшы жастары әскерге шақыру көрсеткіші бойынша облыста алдыңғы қатарда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 102 пайызға, ал 2025 жылдың көктемінде 101 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда әскери борышын өтеген азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, олар ҰБТ нәтижесіне қарамастан ақылы бөлімге оқуға түсе алады, «Сарбаз 2.0» ақпараттық жүйесі арқылы білім грантын жеңіп алу мүмкіндігіне ие, сондай-ақ әскери кафедраларға конкурстан тыс қабылдануға жол ашылған.

12 қыркүйек 2025 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930