» » Жас сарбаздар қанатын қомдады

Жас сарбаздар қанатын қомдады

Тәуелсіз ел үшін ең маңызды нәрсе – ол елдің қауіпсіздігі. Елді қорғау үшін міндетті түрде қуатты әскер қажет. Қазақтың батыр ақыны Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген сөзі бар. Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы.
Армия – әскери тәртіпке, қару ұстауға, бұйрыққа бағынуға, бірлесіп қызмет жасауға үйрететін нағыз еразаматтың мектебі. Бүгінде сол әскери мектепке жанжақтан жас сарбаздарды тартуға әр аймақта көктемгі әскери науқан жүргізілуде. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс. Елімізде 18-27 жас аралығындағы денсаулығы жарамды ел азаматтары міндетті түрде әскерге шақырту алады.
Жыл сайын ауданымызда әскерге шақырту алған болашақ сарбаздарды шығарып салу дәстүрге айналған. Жақында сол үрдіс жалғасын тапты. Аудандық Қорғаныс істер бөлімінде аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Айдос Ботантаев және аудан ардагерлері жас сарбаздармен кездесіп, ағалық тілегін айтып батасын берді.
– Бүгінгі күн сіздер үшін ер-азаматтың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі болмақ. Себебі, сіздер өздеріңіздің нағыз ер-азаматқа тән болмыстарыңызды айқындаудың бір дәлелі – Отан алдындағы азаматтық борыштарыңды өтеуге аттанғалы тұрсыздар. Әрбір ер жігіт әскерге аман барып, сау қайтуға тиіс. Сондықтан әскери міндеттеріңізді адал абыроймен атқарып, туған жерге аман-есен оралуларыңызға шын жүректен тілектеспіз, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Сондай-ақ жиында ауданның ақсақалы Орынбасар Сариев ата-баба сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келген ел мен жердің баянды болашағы мен кемел келешегі жастардың қолында екенін айтып, батасын берді.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
09 мамыр 2025 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 716
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031