» » Әскери борыш – парыз және міндет

Әскери борыш – парыз және міндет

Қазақстан Республикасы Конституцияның 36-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасын қорғау оның əрбір азаматының қасиетті парызы жəне міндеті болып табылады.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және оны ұйымдастыру тәртібі негізінен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы талаптарымен реттеледі.
Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi.
Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар шақырылады.
Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.
Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.
Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.
Құрметті аудан тұрғындары, жоғарыдағы заңнамалар талаптарын түсіндіре отырып, мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында уәкілетті органдармен жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, Отан алдындағы әскери борыштың әрбір азамат үшін парыз және міндет екенін есен шығармауды сұраймыз.
Қармақшы ауданының прокуратурасы
07 маусым 2022 ж. 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930